Сенім телефоны
337250
email: school33kz@mail.ru
Мекенжайы: Байтұрсынов, 14
337303
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ұстазға тағзым - ұрпаққа тағлым
24-10-2011 13:39

Ұстазға тағзым - ұрпаққа тағлым.

 

         Быйыл  №33 мектеп ұжымы тәлімгер ұстаз Қалданов Елеуке Қалданұлының 100 жылдық  мерейтойына дайындық үстінде. Бұл- жәй атап өтілетін мерейтой емес, бұл-оның өткен өмір жолы мен педагогикалық қызметінің қорытындысын айқындайтын меже

 

           Ұстаз!  Осы бір сөз адамның жүрегіне жылы естіледі. «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» - дейді халық даналығы. Жүрегі жомарт, жаны жайсаң, өткір мінезді, білімді ұстаз Қалданов Елеуке ағамыздың биыл 100 жылдығы. Қазақ КСР-і  халық ағарту ісінің үздігі, Қазақ КСР-не еңбегі сіңген мұғалім атанған Елеуке ағамыз 40 жылға жуық Павлодар облысының білім мекемелерінде табысты еңбек етті. Бүкіл саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұстаздың, мектеп қабырғасынан қанаттанып ұшқан  шәкірттері еліміздің түкпір түкпірінде қызмет атқарып жүр.

       Мектептегі әр мұғалімге бағыт бағдар көрсетуде, дұрыс жол  сілтеуде Елеуке ағамыздың ролі зор болатын» - деп  ағамызды көзі корген  ардагер ұстаздар айтып отыратын.

        Ағамыздың еңбек кітапшасына қарап отырып,  1944 жылы Павлодар облысы білім басқармасының басшысы болғанын және  Май, Лебяжье, Шарбақты, Ақсу аудандарында мектеп директоры болғанын аңғаруға болады.

       Өзі негізін салған №33 орта мектепке ағамыздың аты берілсе нұр үстіне нұр болар еді.

                                                                     

Ленин кентінің әкімі

                                                                       Әбікен Жеңіс