Сенім телефоны
337250
email: school33kz@mail.ru
Мекенжайы: Байтұрсынов, 14
337303
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Құрметті әріптестер!
19-03-2013 10:06
Құрметті әріптестер!

Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. Наурыз - көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мейрам. Ол өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең. Бұл күнді халқымыз жақсылықтың жаршысы, бірліктің бастауы деп білген.
 Наурыз әр отбасында келісімнің, сыйластықтың, құрмет пен сүйіспеншіліктің дәнекері болсын! Шуақты мереке күні өздеріңізге амандық, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасыларыңызға бақыт, табыстарыңызға, жұмыстарыңызға жеміс, елімізге береке-бірлік тілейміз!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын!