Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
337250
email: school33kz@mail.ru
Мекенжайы: Байтұрсынов, 14
337303
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Асау жүрек
02-05-2013 09:47
Асау жүрек

ТАСҚАРИН САҒАДАТ СЫЗДЫҚҰЛЫ

1923-1974

      Ленин кенті №33 ЖОМ-де 27.04.13 жылы Сағадат  Сыздықұлы Таскарин ағамыздың құрметіне арнап дәстүрлі «Асау жүрек »атты облыстық мектептер арасындағы оқушыларының әскери-спорттық  эстафетасы өтті. Бұл шара аймақтық оқу тәжірибелік дене тәрбиесі алғашқы әскери дайындық  орталығы басқарған шаралардың бірі.

     Сағадат Сыздықұлы ( 1923-1974) Ұлы Отан соғыс ардагері. Қызыл жұлдызды орденнің екі дүркін және көптеген медальдардың иегері.

     1949 жылдың 1-ші қарашысынан 1974 жылдың 18 мамырына дейін Павлодар қаласы, Ленин кенті №33 ЖОМ-де алғашқы әскери дайындық мұғалімі болып жұмыс істеді.  2004жылдан бүгінгі күнге дейін осы батыр ағамыздың құрметіне арнап осы эстафета өткізіліп келеді. Ал, 2011 жылдан дәстүрлі шара облыстық статусқа ие болды.

Биылғы шара  Сағадат Сыздықұлының 90 жылдығына және Ұлы жеңістің 68 жылдығына орай өткізілді. Облысымыздың барлық аудандарынан  және  Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларының мектептерінен оқушылар қатысты.

Аудандар  мектептері арасынан жүлделі  І орынды Павлодар, ІІ орынды Ертіс, ІІІ орынды Шарбақты аудандарының  оқушылар командасы жеңіп алды

Қала мектептері арасынан І орында Павлодар қаласы №29 ЖОМ ,ІІ орынды Ақсу , ІІІ орынды Павлодар қаласы №21 ЖОМ командалары жеңіп алды.