Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
337250
email: school33kz@mail.ru
Адрес: Байтұрсынов, 14
337303
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 15.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Денсаулық фестивалі - 2013»
09-09-2013 04:52
«Денсаулық фестивалі - 2013»

Мектептегі денсаулық фестивалі – бұл спорт пен денсаулықтың көңілді мерекесі. Спорттық іс-шараларға қатысу үшін, таза ауада демалып қайту үшін бұл күнді мектеп оқушылары  тағатсыздана күтеді. Балалар – біздің болашағымыз. Балалардың дендері сау болу үшін оларды жасынан салауатты өмір салтына баулу керек. Ол үшін  балалармен ойын түрінде денсаулық тақырыбында әңгіме құрған жөн.

Денсаулық фестивалі мектепте таңғы жиыннан басталды.  Барлық сыныптар денсаулықты сақтау мен спортпен айналысу туралы ақпараттар алды. Осыдан «Дені саудың – жаны сау» ұранымен дене тәрбиесі мұғалімдері, педагогтар мен оқушылар жалпы мектептік жаттығу шараларынан күш-қуат алды.  Сабақтан соң оқушылар мектептік жүгіру шараларына қатысып, баскетбол, пионербол, футбол ойындарында өз өнерлерін ортаға салды, бастауыш сынып оқушылары 30 м қашықтықта жүгіріп, көңілді старттарға қатысты. Дене шынықтыру сабағынан босатылған оқушылардың рөлі ерекше – олар өткізілген шаралардың әділ-қазы алқалары болды.

Спорт күннің қорытындысы жалпы шеруде айтылып, марапаттау жүргізілді.