Сенім телефоны
337250
email: school33kz@mail.ru
Мекенжайы: Байтұрсынов, 14
337303
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Баскетболдан турнир
14-11-2016 04:30
Баскетболдан турнир
dscf1353dscf1340dscf1391dscf1393dscf1398dscf1371 12 қараша күні мектебімізде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына және Салима Уахитқызы Темірбаеваны еске алуға арналған баскетбол бойынша 4-ші қалалық турнир өтті. Салима Уахитқызы дене тәрбиесі мұғалімі, жаттықтырушы, өзін спорт пен отбасына арнаған адам болды. Ол өмірге деген қызығушылығы жоғары, еңбекқор, орнықты, талапшыл жан еді. Салима Уахитқызы мектебіміздегі спорт саласын көп еңбегін сіңірді, соның ішінде баскетболға ерекше көңіл бөлді. Салима Уахитқызының өмірден озғанына алты жыл уақыт өтсе де, оның аты жасаған еңбегі оқушылар-жас спортсмендер жадынан мәңгі өшпейді. Турнирға № 2, 22, 25, 35, КЖОМ, 33 қала мектептері қатысты. Орындар келесі түрде берілді: 1 орын - № 25 ЖОМ, 2 орын - № 35 ЖОМ, 3 орын - № 33 – ЖОМ. Жеңімпаздар грамоталар және сыйлықтармен марапатталды. Аталмыш турнирдың демеушілері Салима Уахитқызының қыздары болды. Барлы жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтап, келесі жылғы турнирға күтеміз.