Сенім телефоны
337250
email: school33kz@mail.ru
Мекенжайы: Байтұрсынов, 14
337303
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«25 ЖҰЛДЫЗДЫ МҰҒАЛІМІ»
03-10-2016 00:42
«25 ЖҰЛДЫЗДЫ МҰҒАЛІМІ»

Ұстаз болу - жүректің батырлығы, Ұстаз болу - сезімнің ақындығы. Ұстаз болу - мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы.

Мұғалім… Осы сөзде қанша мағыналы ой, сезім, махаббат жатыр. Мұғалім деген кім?! Мұғалім – керемет психолог, мұғалім – кемеңгер ақын, мұғалім – шебер актер, ең бастысы, мұғалім – табылмас көмекші мен қайталанбас дос. Әр мұғалім өз алдына ерекше. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25-жыл толуына және Мұғалімдер күніне байланысты Жоғары сынып оқушылары Кеңесінің бастауымен «25 ЖҰЛДЫЗДЫ МҰҒАЛІМ» жобасы өз жалғасын тапты. Оқушылар әр кандидатты бар қырынан зерттеп шықты. Таңдау қорытындысы бойынша, мұғалімсдерге әртүрлі номинациялар тағайындалды. Аталмыш жобаның қорытындысы Мұғалімдер күніне арналған концертте жарияланды. «ЖҰЛДЫЗДЫ МҰҒАЛІМДЕР» тобы мектебіміздің мәжіліс залын бір көркейтіп жіберді. Сахнада ең үздік мұғалімдер жарық жұлдыздай жанды. «Ең жас мұғалім» - Г.А.Кондыкерова «Ең ұзын ер мұғалім» - С.Ш.Кайдаров «Ең ұзын әйел мұғалім» - Л.А.Воробьева «Ең керемет» - А.А.Сулейменова «Тәртіпті мұғалім» - М.О.Олжаева «Суретші мұғалім» - Е.А.Скворчевская «Саяхатшы мұғалім» - Н.К.Уртакова «Көпбалалы мұғалім» - Г.А.Салыкпаева «Тігінші мұғалім» - Л.М.Лопатюк «Флорист мұғалім» - Ж.Н.Абдуалиева «Полиглот мұғалім» - С.Ш.Букаева «Бағбан мұғалім» - А.С.Ангоноева «Ақпараттандырушы мұғалім» - Қ.С.Муканова «Блогер мұғалім» - Г.К.Капбасова «Құсбегі мұғалім» - Б.А.Турсуканова «Қалыңдық мұғалім» - Қ.Р.Тнеева «Әзілқой мұғалім» - А.Ш.Акшулаков «Қолаң шаш мұғалім» - М.М.Нурумова «Спортсмен мұғалім» - А.О.Олжаев «Аудармашы мұғалім» - А.А.Куямбаева «Идеялы мұғалім» - А.Ж.Сыздыков «Әнші мұғалім» - Г.Қ.Бекенова «Биші мұғалім» - С.С.Мусина «Шебер қол мұғалім» - А.К.Кабылбеков «Жүргізуші мұғалім» - Л.В.Бережная Барлық мұғалімдерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз. Педагогикалық қызметтерінде тек қана жетістіктер тілейміз. Сіздердің жан сұлулықтарыңыз бен таза көңілдеріңіз бақытты өмірлеріңіздің іргетасы болсын!