Сенім телефоны
337250
email: school33kz@mail.ru
Мекенжайы: Байтұрсынов, 14
337303
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Математика, физика және информатика апталығы.
10-02-2016 08:31
Математика, физика және информатика апталығы.
2016 жылғы 21-25 қаңтар аралығында мектебімізде математика, физика және информатика апталығы өтті. Апталық бекітілген жоспарға сәйкес өткізілді. Математика, физика және информатика апталығының өткізілу мақсаты:
  1. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын жоғарылату;
  2. Нақты ғылымдарды оқуда оқушылардан оң мотивацияны тарту;
  3. Оқушыларды өздігінен шешім қабылдауға және жалпылауға баулу;
  4. Қосымша білім арқылы оқушылардың ойы мен парасаттылығын кеңейту.
21 қаңтар күні мектеп оқушылары пәндік апталықтың жоспарымен жиында таныстырылды. Математика мұғалімі Л.М.Рябополова 9-10 сынып оқушыларымен «Математикалық тартыс», 11 сынып оқушыларымен «Эрудит» интеллектуалды конкурсын өткізді. Оқушылар өз пәндік білімдері мен қабілеттерін көрсету арқылы тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Мұғалім таңдаған материал оқушылардың жас ерекшеліктері мен білім деңгейіне сәйкес келді. Іс-шара оқушылардың білімге қызығушылықтарын жоғарылату мақсатында өткізілді. Физика мұғалімі Л.В.Бережная бастауыш сыныптарды шақырту арқылы 10-11 сынып оқушыларымен «Физическая кругосветка» сайысын өткізді. Бұл сайыста төменгі сынып оқушылардына қызықты зерттеу тәжірибелері көрсетілді. Мұғалім физика бойынша 10-11 сынып оқушыларының арасында қызықты сайыс көрсетті. Ойын станциялар бойынша жүргізілді. Әр станция – физика бойынша нақтыланған сайыс Балалар осы шараға құштарлықпен қатысып, әртүрлі іс-әрекетте өз күштерін сынап көрді. Апталықта жас мамандар белсенділік танытты. Математика мұғалімі О.В.Третьякова 6 сынып оқушыларына арнап «Математика ғылымдардың ең көнесі болса да, мәңгі жас болып қалады» ұранын бастамаға алып, қызықты да танымды «Своя игра» іс-шарасын өткізді. Б.Паскаль айтқандай «Математика пәнінің тиянақтылығы соншалықты, оны қызықты ету сәтін өткізіп алмау пайдалы». 5-ші сынып оқушыларын арналған «Брейн ринг». Оқушылар осы сабақтарға үлкен қызығушылықпен қатысты. Ең белсенділік танытқан 5 сынып оқушылары болды: Гудина Милана, Кузьменко Алина, Мусабеков Ерасыл, Уахитов Искендир, Боровская Дарья, Султанов Адиль. Математика мұғалімдері М.М.Нұрымова мен А.М.Аспанова 5-6, 8 сыныптар арасында командалық «Мектеп – білім», «Математикалық сандық» шарасын дайындап өткізді. Жалпымектептік жиында іс-шараларға белсенді қатысқан және жүлделі орын алған оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. IMG-20160201-WA0004 IMG-20160201-WA0001IMG-20160201-WA0010