«Арамыздағы қаһарман»
Бүгін, алғыс күні, мектебімізде «Арамыздағы қаһарман» тақырыбында кездесу кеші ұйымдастырылды. Кештің қонағы мектебіміздің түлегі Қабылбек Зейнеп болды. Зейнеп 2015 жылғы ақпан айында 4-жастағы баланы өрттен құтқарған болатын. Ол орын алған жағдайды, сол оқиғадан кейін өмірінің қалай өзгергендігі туралы бәріне айтып берді.
Бүгінгі күні Зейнеп Павлодар «Қызмет көрсету» колледжіндегі «Модельер-дизайнер» мамандығының студенті.
Ол 2017 жылғы ақпан айында «Балдаурен» лагеріне барып, «Қазақстан патриоты» медалімен марапатталды. Біз арамызда Зейнеп сияқты батыл қыздардың бар екеніне мақтанамыз!