Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
337250
email: school33kz@mail.ru
Мекенжайы: Байтұрсынов, 14
337303
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Білім күні
04-09-2017 12:21
Білім күні

       Алтын шапақ шашыратып көгінен,
Күз кеп жетті сағыныштан сезіммен.
Балапандай ұясына асыққан,
Шәкірттерін шаттандырып сеніммен.


2 қыркүйек күні сағат 10.00-да «№ 33 ЖОМ-де» ММ «Бәрі мектептен басталады» тақырыбында салтанатты жиын өтті.
2017 жыл мектебіміз үшін аталмыш жыл болмақ. Осы жылы мектебіміз өзінің елу жылдық мерейтойын атап өтпекші.
Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен басталып, мектеп директоры Азамат Жанайдарұлы Сыздыков барлық қатысушыларды мерекелерімен құттықтап, оқушыларға терең білім мен жетістіктер тіледі. Азамат Жанайдарұлы өз сөзінде 25 мамыр мен 30 тамыз аралығында өткен «Мектебіме тағзым» акциясын қорытындылады. Осы акцияда мектеп түлектері тарапынан 2 000 000 теңгеден аса демеушілік көмек көрсетілді. Жиналған ақшаға бірінші қабаттың барлық кабинеттерінде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мектебіміздің өзгшергенін байқауға болады.
Дәстүр бойынша мұғалімдерді, балаларды және олардың ата-аналарын жаңа оқу жылымен құттықтауға қонақтар да келді: Ленин кентінің әкімі Тайгулин Даулет Амангелдіұлы, құрметті қонақ - Демесинов Махмуд Демисинұлы.
Қонақтар мектеп оқушыларына терең білім, жетістіктер, Қазақстан Республикасының лайықты азаматы болуды тіледі.
1 қыркүйек – бұл мереке, сондықтан мектеп түлектері мен бірінші сынып оқушылары өлеңдер айтып, әндер орындады. Алғашқы қоңырау соғу мәртебесі 11 сынып оқушылары Курембаева Айдана мен Баруздин Олегқа, бірінші сынып оқушылары Кабдырова Толганай мен Мухамеджан Динисламға бұйырды.
Салтанатты жиын соңында барлық мектеп оқушылары «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбындағы сынып сағатына шақырылды.

                                                                                           №33 ЖОМ пресс орталығы