Сенім телефоны
337250
email: school33kz@mail.ru
Мекенжайы: Байтұрсынов, 14
337303
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мерейтой иесін құттықтаймыз!
07-09-2017 06:25
Мерейтой иесін құттықтаймыз!

№ 33 ЖОМ-де керемет дене тәрбиесі мұғалімі Бакыт Менешқызы Карипова он бір жылдан астам уақыт қызмет атқарып келеді. Бакыт Менешқызы бес жылдан астам дене тәрбиесі және АӘД мұғалімдері ӘБ жетекшісі. Әріптестеріне зейінді және қайырымды. Бакыт Менешқызы өз ісіне толығымен берілген жан. Ұжым ішінде беделді мәртебеге ие, оқушылары оны жақсы көреді. Спорт залында кешкі уақытқа дейін шәкірттерінің даусы саябырлаған емес. Бұл таңғаларлық та жағдай емес. Оқушылары өз жетістіктерімен ұстаздарын қуантып келеді. Бакыт Менешқызының спортсмендері қалалық, облыстық спартакиадаларда тек бірініші, екінші орындарды қанжығаларына байлауда.
Ұжымымыз Бакыт Менешқызын мерейтойымен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, таусылмас бақыт және шәкірттерінің спортта жетістіктерге жете беруін тілейді!