Сенім телефоны
337250
email: school33kz@mail.ru
Мекенжайы: Байтұрсынов, 14
337303
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мектептің мерейтойы
11-10-2017 03:54
Мектептің мерейтойы

     7 қазан күні «Павлодар қаласының № 33 жалпы орта білім беру мектебі» ММ Ленин кенті әкімі аппаратының қолдауымен өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтті.
Сағат 11.00-де мектеп педагогикалық еңбек ардагерлеріне, түлектеріне, қонақтарға есігін айқара ашты.
Барлық қонақтармен мектеп мұражайына, робототехника және шахмат кабинеттеріне экскурсия жүргізілді. Ары қарай қонақтар кабинеттерді аралады. Мұнда кабинет тарихы мен сол кабинеттерде қызмет атқарған мұғалімдер туралы ақпараттар ұсынылды. Әр түлек өз оқыған сыныбына кіріп, өз партасына отырып, мектепте өткен қызықты жылдарын еске алуға мүмкіндік алды. Эксурсия аяқталысымен, барлық қонақтар мектеп ұжымының күшімен өткізілген концерттік бағдарламаны тамашалау үшін мәжіліс залына бет алды. Кеш өте көңілді және достық жағдайда өтті.
Мереке Ленин кентінің Жаяу Мұса атындағы Мәдениет үйінде жалғасын тапты. Кеште мектебіміздің түлегі, қазіргі таңда атақты продюссер Алтынбек Таубасарұлы Рахметовтың демеушілігімен келген Қазақстан эстрада жұлдыздары: Ұлжан Айнакулова, Айжан Нұрмағамбетова, Алмаз Кішкенбаев, Серік Ибрагимов, Ренат Мальцагов, Ардақ Алекешев және Райымбек Сатыбалды өнерлерін ортаға салып, өз құттықтауларын білдіріп, мұғалімдік еңбекке құрметтерін көрсетті.

                                                                        «Баспасөз» орталығының жетекшісі
                                                                                        Қазақ тілі мұғалімі
                                                                                                                   А.А.Куямбаева