Сенім телефоны
337250
email: school33kz@mail.ru
Мекенжайы: Байтұрсынов, 14
337303
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мектеп – кеме, білім – теңіз
07-10-2017 22:29
Мектеп – кеме, білім – теңіз

Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,

Ол болмаса, кім береді парасатты.

Асылын беріп шәкірт бойларына,

Ағартқан сол үшін де қара шашты.

Ұстазға әркім басын ию керек,

Кемеңгер, ақылшым деп білу керек.

Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,

Жеткізген сол ұстаз деп білу керек.

Жақсылар ұмытпайды ұстаздарын,

Ойлайды, олар сонымен ұшталғанын.

Мәңгілікке мақтанып өтеді ұстаз,

Шәкіртінің биікке шыққандарын – деп ақын жырлап кеткендей 7 қазан күні «Павлодар қаласының № 33 жалпы орта білім беру мектебі»  ММ Ленин кенті әкімі аппаратының қолдауымен өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтті.

Мереке күні мектеп педагогикалық 39 еңбек ардагеріне, әр кез түлектеріне, демеушілік көрсеткен азамматарға және құрметті қонақтарға есігін айқара ашты.

     Республика көлемінде бел алған «Мектепке - тағзым» акциясы 50 жылдық мерейтой қарсаңына сәйкес келді.  Акция барысында 22 азамат мектепке демеушілік көмек көрсетіп, кабинеттер күрделі жөндеуден өтті.  

Тарихын сонау тереңнен жайған мектебімізде қаншама естелік парақтар, сарғайған суреттер сыр шертті. Барлық қонақтармен мектеп мұражайына, робототехника және шахмат кабинеттеріне экскурсия жүргізілді. Пән  кабинеттерінде әр кезең түлектері, пән мұғалімдері туралы слайдтар көрсетіліп, еске түсірілді.   Әр түлек өз оқыған сыныбына кіріп,  партасына отырып, мектепте өткен қызықты жылдарын еске алды. Барлық қонақтар мәжіліс залында мектеп ұжымы ұйымдастырған концерттік бағдарламаны тамашалады. Кеш барысында ардагер ұстаздарға құрмет көрсетіліп, өмірден озған әріптестер еске алынды, мектептің бүгінгі өмірі баяндалды. Іс-шара өте көңілді және достық жағдайда өтті.

Мереке Ленин кентінің «Жаяу Мұса атындағы» Мәдениет үйінде жалғасын тапты. Кеште мектебіміздің түлегі, қазіргі таңда атақты продюссер Алтынбек Таубасарұлы Рахметовтың демеушілігімен келген Қазақстан эстрада жұлдыздары: Ұлжан Айнакулова, Айжан Нұрмағамбетова, Алмаз Кішкенбаев, Серік Ибрагимов, Ренат Мальцагов, Ардақ Алекешев және Райымбек Сатыбалды өнерлерін ортаға салып, өз құттықтауларын білдіріп, мұғалімдік еңбекке құрметтерін көрсетті.

Мыңдаған шәкірт тәрбиелеген алтын ұямыз қанатын әлі де кең жайып келеді. Мектебіміздің алар асулары алда деп сеніммен айта аламыз.

 

«Баспасөз» орталығының жетекшісі

Қазақ тілі мұғалімі

А.А.Куямбаева