Қазақстан Республикасының төтенше жағдай кезінде
«Жасөспірімдердіңденсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдын-алу» бағдарламасын қашықтықта, онлайн режимінде ұйымдастыру бойынша іс-шаралар ұсынысы
Педагог-психологтарға:
Аталған бағдарлама аясында анықталған психологиялық сүйемелдеу тобының жасөспірімдерімен (бұдан әрі - ПСТ) қашықтықта, онлайн режимінде жеке жұмыс жүргізу:
- апта сайын, қажет болған жағдайда ПСТ оқушыларымен онлайн-сұхбат өткізу, WhatsApp, VKарқылы немесе қоңырау шалу (қоңыраулар кестесін жасау, бақылау журналдарында тіркеу);
- «Bilim Foundation» ҚҚ аймақтық координаторларымен хабарласып әдістемелік қолдау алу, қашықтықта, онлайн режиміндежасөспірімдерге жеке кеңес пен олардың ата-аналарына онлайн-кеңес беруін ұйымдастыру, қажет болған жағдайда;
Білім беру ұйымдарының барлық кәмелетке толмаған жасөспірімдерінің психологиялық жай-күйін бақылау үшін келесі шараларды жүргізу:
- кәмелетке толмаған жасөспірімдерініңжалпы жағдайы туралы ақпарат алу үшін сынып жетекшілеріне және кураторларына хабарласу;
- сынып жетекшісі/куратор топтың мазасыздық жағдайы бойынша немесе кәмелетке толмағанның басқа белгілері бойынша ақпараттандырған кезде онлайн-кеңес өткізу қажет;
- «Bilim Foundation» ҚҚ жіберген ақпараттық инфографикалар мен бейнероликтерді WhatsApp қосымшалары (ата-аналар, мұғалімдер және оқушылар чаттарына), Instagram, Facebook, VKжәне т.б. желілер арқылы тарату.
Сынып жетекшілеріне/ Топ кураторларына:
- сынып жетекшісі/топ кураторларына кәмелетке толмаған жасөспірімдерментәрбие сағаттарын онлайн режимінде өткізу кезінде, өзіне тән емес мінез-құлық белгілерін (мазасызданған, белсенді емес және т.б.) байқаған жағдайда, білім беру ұйымдарының психолог маманын және әкімшілігін хабардар ету қажет;
- білім алушы мен оның ата-анасы 2 күн байланысқа шықпаған жағдайда білім беру ұйымдарының әкімшілігін хабардар ету;
- «Bilim Foundation» ҚҚ жіберген ақпараттық инфографикалар мен бейнероликтерді WhatsApp қосымшалары (ата-аналар, мұғалімдер және оқушылар чаттарына), Instagram, Facebook, VKжәне т.б. желілер арқылы тарату.
«Bilim Foundation» ҚҚмамандарына:
- жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен жұмысын үйлестіру бойынша білім беру психологтарына әдістемелік көмек көрсету;
- жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен онлайн-консультациялар өткізу, қажет болған жағдайда ;
- «Bilim Foundation» ҚҚ жіберген ақпараттық инфографикалар мен бейнероликтерді WhatsApp қосымшалары (ата-аналық, педагогикалық және оқушылар чаттарына), Instagram, Facebook, VKжәне т.б. желілер арқылы тарату үшін мектеп және колледждерге жіберу;
- жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына медициналық мамандармен (жалпы тәжірибелік дәрігерлер мен психиатрлар) онлайн режимінде кеңес беруін ұйымдастыру, қажет болған жағдайда.