2020 жылғы 17 қыркүйек күні "Павлодар қаласының #33 жалпы орта білім беру мектебі" ММ-де "Қашықтықтан оқыту кезінде қалай көмектесуге болады?" тақырыбында бірыңғай жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналысты мектеп директорының м.а. Б.С.Айтуғанов кіріспе сөзбен ашты. Мектеп директорының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасарлары А.Е.Альмагамбетова мен А.Д.Аушахманова, жүйелі әкімші Л.А.Мухина ата-аналарды "Білім беру платформалары, оқыту әдістерімен" таныстырса, "Баланың мотивациясы мен жауапкершілігін қалыптастыру" жөнінде педагог-психолог Т.В.Панащенко ұсыныс берді, "Интернеттегі бала қауіпсіздігі және ата-аналар бақылауы" туралы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.С.Мусина ақпарат берді.