Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
337250
email: school33kz@mail.ru
Мекенжайы: Байтұрсынов, 14
337303
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Конституция күні Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданған тарихи күнмен байланысты екені әрбір қазақстандықтың санасында. 1995 жылғы 30 тамыз күні республикалық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданып, етер еліміздің да
07-10-2020 11:03
Конституция күні Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданған тарихи күнмен байланысты екені әрбір қазақстандықтың санасында. 1995 жылғы 30 тамыз  күні республикалық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданып, етер еліміздің да
Конституция күні Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданған тарихи күнмен байланысты екені әрбір қазақстандықтың санасында. 1995 жылғы 30 тамыз  күні республикалық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданып, етер еліміздің дамуында үлкен өзгеріс белең алды. Конституцияның ең жоғары заңды күші бар және ол республиканың бүкіл аумағында қолданылады. Негізгі Заңда мемлекеттің ең қымбат қазынасы-адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екендігі айтылған.
Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында құқық қорғау органдары академиясы бастауыш сыныптар үшін "Конституция сабағы" ашық сабағын өткізу бойынша арнайы әдістемелік кешен әзірледі.
6 қазан күні №33 ЖОМ-де осы жоба аясында оқушылардың Конституция және ондағы құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту, оларды тәрбиелеу және құрметтеу, олардың өз құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін білуі мақсатында 1-6 сыныптарда сынып сағаттары өткізілді.
Ұсынылған әдістемелік кешен үш (қазақ, орыс, ағылшын) тілде Конституцияның 25-жылдығына арналған сабақтарды өткізу бойынша мұғалімдерге арналған таныстырылым мен бірлескен әзірлемені қамтиды.
Презентацияға алынған суреттер Нұрсұлтан қаласының жас суретшілерінің қаламынан туған. Бұл - балалардың көзімен біздің Конституциямыз және онда бекітілген міндеттері бар құқықтар. Презентация басталмастан оқушылар осы тақырыптың қаншалықты таныс екендігі бойынша кесте толтырды. Презентацияда Қазақстан Республикасы Конституциясының даму тарихы, оның қазақстандық қоғамның қалыптасуындағы рөлі, сондай-ақ оның кепілдік берген құқықтары, бостандықтары және адам мен азаматтың бекітілген міндеттері туралы мәселелер қамтылған.
Презентацияның әрбір слайдында сабақтың кезеңі ұсынылды:" Қазақстанның ежелгі заңдарында" қазақ даласында ежелден қалыптасқан заңдар туралы айтылды; "Бұрынғы Қазақстан Конституциялары" әрқайсысы өз уақытында қабылданған және әрекет еткен төрт Конституция туралы ақпарат берді; "Қазақстан Республикасының Конституциясы" біздің Конституциямыздың  қабылдануы туралы болса; "Қазақстан Конституциясының негізгі ережелері" - балалар Қазақстан Республикасының өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратынын, оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екенін білді. Мұғаліммен бірлесе отырып балалар олардың кейбірін қарастырды: өмір сүру құқығы, жеке бас бостандығы құқығы, білім алу құқығы, еңбек бостандығы құқығы, азаматтардың міндеттері, Балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу, біздің құқықтарымыздың кепілдіктері.
Алынған білімдерін бекіту үшін балалар сабақтақырыбыбойынша сұрақтарға жауап берді.
Егер әрбір азамат өзінің құқықтарын білуге ұмтылса, Конституция алдында берілген өзінің міндеттемелерін орындайтын болса, басқа адамдардың құқықтарын құрметтейтін және өзінің құқықтарын бұзуға жол бермейтін болса, онда Қазақстан шынайы әділ және құқықтық мемлекетке айналады. Конституция - соның тікелей кепілі.