Күз мезгіліндегі сенбілік жерімізге өте пайдалы.
Сарғайып, қураған жапырақтар, құрғақ шөп - бұл қар ерігеннен кейінгі көктемде пайда болатын көрініс. #33 ЖОМ мұғалімдері "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" деп мектеп ауласын ретке келтіруді ұйғарды. Сенбілік-бұл корпоративтік рухты көтерудің, ұжымды біріктірудің тамаша тәсілі. Мектебіміздің ұжымы туған табиғатына қамқорлық жасады. Себебі, қоршаған әлем-біздің үйіміз.