Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Тілім менің - қазынам, асыл қасиетім" атты тілдер айлығы
19-09-2022 19:10

Бүгін, қыркүйектің 19 жұлдызында, ҚР Тілдер күні мерекесіне арналған "Тілім менің - қазынам, асыл қасиетім" атты тілдер айлығы аясында кітапханада "Ана тілі - өшпес қазынам" атты интеллектуалды сайыс өткізілді. Сайысқа 5-ші сынып оқушылары: Саяхатқызы Інжу, Ахметова Ажар, Болатов Аңсар, Базарбай Ерасыл, Егінбай Омар, Қуанышқызы Сәулет қатысты. Мақсаты: Оқушылардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру арқылы ана тілін қастерлеуге, құрметтеуге баулу. Бес кезеңнен тұратын интеллектуалды сайыста 5 "Б" сынып оқушысы Егінбай Омар жеңімпаз атанды. Құттықтаймыз! #Тілдерайлығы #Оқуғақұштармектеп