Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын атап өтуде.
Қазақ әдебиеті сабақтарында Алаш қозғалысы жетекшілерінің бірі, әдебиеттанушы ғалым, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын атап өтуде. Саналы ғұмырын ағарту саласына сарп еткен ұлы тұлғаның қазіргі білім беру жүйесінің қалыптасып дамуына қосқан үлесі өлшеусіз. Мұны білім беру саласының мамандары ғана емес, еңкейген қарттан мектеп табалдырығын енді аттаған оқушы балаға дейін біледі.