Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Адрес: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Жаңашыл оқыту - жетістік көзі» атты тақырыпта коучинг ұйымдастырылды
05-10-2022 11:27
«Жаңашыл оқыту - жетістік көзі» атты тақырыпта коучинг ұйымдастырылды

Қазіргі білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу күннен - күнге басты талапқа айналып, осы әдістерді жетілдіре түсу қажеттігі күшейіп келеді. Мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, мұғалім оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берілген білім күткен нәтиже бермейді.
Оқушының тұлға ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Заманауи қоғамның зиялы азаматына білім беру - сана әлеуеті жоғары дамыған, сын тұрғысынан және жаңашыл ойлай білетін, рухы мықты, өз білімін қоғамның алға басуына жұмсай алатын адамды тәрбиелеу.
05.10.2022 ж. мектебімізде «Жаңашыл оқыту - жетістік көзі» атты тақырыпта коучинг ұйымдастырылды. Коучингте мектеп мұғалімдері белсенділік танытып, ұсынылған ақпаратпен қызығушылықпен жұмыс жасады. Әсіресе, бүгінгі сессияда атқарылған жұмыс түрлері жас мамандардың іскерлігін арттыруға пайдалы болды.
Мұғалімдер өз кәсібінің қыр - сыры, мәнін аша түсетін тың ақпараттар алып, бір серпіліп қалғандай. Жас мұғалімдер өз сабақтарын түрлендіре түсу үшін әдіс –тәсіл түрлерін қоржындарына қосты.
Алдағы уақытта мектепте мектеп тренерлерімен мұғалімдердің ұйымдастыруымен жоспар бойынша коучинг - семинарлар жалғасын таппақ.
Коучингті өткізен тарих пәнінің мұғалімі: Жунуспаева Қалқа Хамитовна