Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«1 сынып оқушыларының бейімделулері» атты педагогикалық консилиум
14-10-2022 12:06
 «1 сынып оқушыларының бейімделулері» атты педагогикалық консилиум
Мектебімізде 13 қазан күні  «1 сынып оқушыларының бейімделулері» атты педагогикалық консилиум өтті. Консилиумның мақсаты:  1 сыныпқа қабылданған балалардың мектепке даярлығын анықтау 
Әр оқу жылының басында  мектеп табалдырығын алғаш аттаған баланың психологиялық дайындығына кешенді зерттеу жүргізіледі. Осы мақсатта, мектептің психологиялық қызметінің жоспарына сәйкес,1 сынып оқушыларының бейімделулері бақыланды. Бақылау барысында баланың:
1. Мектепке физиологиялық даярлығы(жас ерекшелік мөлшеріне сай болуы, денсаулық тобы..т.б)
2. Психологиялық даярлығы (ақыл -ойының даму деңгейі,тұрақтылығы)
3. Әлеуметтік даярлығы (жеке тұлға ретінде дамуы, қарым - қатынасы, жүріс – тұрыс  ережелері, коммуникативтік дағдылары)
4. Дидактикалық даярлығы (оқу,жазу,санау, дағдысы – тілінің дамуы,сан мөлшер туралы елестетуі) зерттелді..
Мектеп психологтары әр сыныптың сабақтарына қатысып, оқушылардың өзара  қарым -қатынастары, жалпы оқуға, мектепке қатынастарын анықтап,педкносилиумда өздерінің зерттеу қорытындыларын ортаға салды. 1 «а», «ә», «б» сынып жетекшілері,сыныптары жайлы мағлұмат берді. Осы зерттеу көрсеткіштер арқылы сыныптардың  бейімделулері жақсы деңгейде өтіп жатқанын,бұл үдеріс әлі де жалғасатынын айта келе, мектеп психологтары Какимова Ж.Б., Қабыш Ә.Н. бірінші сынып жетекшілеріне ұсыныстар берді.