Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
әуелсіздік мерекесі күніне орай, мектебіміздің 2 және 5-сынып оқушыларын Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанаты өткізілді.
15-12-2022 15:39
әуелсіздік мерекесі күніне орай, мектебіміздің 2 және 5-сынып оқушыларын Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанаты өткізілді.

 

14 желтоқсан, Тәуелсіздік мерекесі күніне орай, мектебіміздің 2 және 5-сынып оқушыларын Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанаты өткізілді.
Шара барысында еліміздің гимні шырқалды, мектебіміздің жас сарбаздары «Жас Ұлан» туын алып кірді, ұйымның әнұраны орындалды. Мектеп басшы м.а. Бектемирова Гаухар Болатовнаның, Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» ҚБ Павлодар облыстық филиалының төрағасы Асыл Әбіштің құттықтау сөздері айтылды. Салтанатты шараның қадірлі қонақтары мен мектебіміздің ұстаздары жас өрендерге галстук пен төсбелгіні тағу құрметін иеленді.
Қонақтарымыз қамқоршылық кеңесінің төрайымы Шокаева Данара Танирбергеновна, республикаға танымал көркем сөз оқу шебері, Абай шығармаларын насихаттаушы Даниял Әсенов, Павлодар қалалық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Қобланбек Қожин, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Бұқар жырау музейінің директоры Ербол Қайыров, Жүсіпбек Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка-драма театрының директоры Арман Темірбек, «Алдаспан» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Тұран» садақ ату орталығының жетекшісі Амангелді Егінбай, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, «Найзатас» журналының жауапты хатшысы Еламан Қабдыләшім, айтыскер ақын, республикалық айтыстың бас жүлдегері, әнші-жыршы, қобызшы, сыбызғышы, сырнайшы Бөкен Жігер, дәстүрлі әнші, Әміре Қашаубаев атындағы республикалық байқаудың Гран-при иегері Дәуренбек Сләмғали аталмыш міндетті жас ұландар мен жас қырандарға ізгі тілектерін айта отырып орындады.
Жаңа ғана ұйым қатарына қабылданған жасұландықтар ел үмітін ақтауға ант берген соң, сөз кезегі Даниял Әсенов мырзаға берілді. Ол кісі ақ көңіл, шын жүректен өз батасын беріп, балаларға жарқын болашақ тіледі.
Біз де сол тамаша сөздерге қосыламыз. Тәуелсіздігіміз баянды, іргеміз берік болсын! Өсе бер, өркендей бер қазағым!

Видеосын көру үшін басыңыз!


@bilim_basqarmasy
@bilim_pavlodar
@aygulm25
@bektemirova_gauhar