Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мектепішілік «Жыл мұғалімі – 2011» сайысы
18-05-2011 04:06

   Мектептің оқу–тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес  2011  жылғы мамырдың 5 күні  мектепішілік «Жыл мұғалімі – 2011» сайысы өткізілді.        

    Сайысты ұйымдастырудың мақсаты: 1. Мектеп ұстаздары арасында мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру, шеберліктерін шыңдау; 2.Заман талабына сай жаңаша ойлап, жаңаша әрекет жасайтын, шығармашыл ұстазды анықтау; 3. Мұғалім келбетінің әлеуметтік және кәсіби жағымды келбетін қалыптастыру,  инновациялық педагогикалық технологияларды қолдау және марапаттау болып табылды.

   «Жыл мұғалімі – 2011» сайысының бөлімдері мен сайысты бағалаудың талаптары мен өлшемдері сайыстың Ережесі бойынша анықталды. Сайысқа Ережеде белгіленгендей, мектепте жұмыс жасайтын әр бірлестіктен 1 ұстаз және ұзартылған күн тобынан бір тәрбиеші қатысты. Сайысқа 6 ұстаз қатысты: Айтуғанова Б.Е. (математика, информатика, физика пәндері бірлестігі), Джакипова М.А. (жаратылыстану пәндер бірлестігі),  Калемшара С. (қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігі), Қайнарбекова Г.Ә. (ұзартылған күн тобы), Рахметова Д.С. (эстетикалық пәндер бірлестігі),  Шакирова З. О. (орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәндер бірлестігі).                  

Сайыс барысы 5 кезеңнен тұрды:

І кезең – Таныстыру;

ІІ кезең –  «Менің бір аптам»;

ІІІ кезең – «Заң білгеннің көзі ашық»;

IV кезең – Педагогикалық жағдаятты шешу;

V кезең – «Өнерлі өрге жүзеді»;

 

    Сайыс барысында сайыскерлердің  бір жыл бойы жұмыстары зерделеніп бағаланды. 2010-2011 оқу жылы барысындағы ұстаздарымыздың жеткен жетістіктері мен мектептің оқу-тәрбие үрдісін арттыру бағытындағы іс-әрекеттері, әдістемелік құжаттары сарапқа салынып бағаланды

Сайыстың барлық түрін қорытындылай келгенде: 

І орын – «Жыл мұғалімі – 2011»  атауына Шакирова З.О. ие болды;

ІІ орынды – Айтуғанова Б. Е. иеленді, ІІІ орынды – Джакипова М.А. мен Калемшарав С. бөлісті. «Көрермен көзайымы» номинациясына – Рахметова Д.С., «Ең белсенді» номинациясына Қайнарбекова Г.Ә. ие болды.