Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қалалық « IV Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы оқулары»
18-05-2011 08:45

     Павлодар қаласы білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес 2011 жылғы 6 мамырында Павлодар қаласының №  19 мектебінде қала мектептерінің оқушыларының арасында халқымыздың Ұлы ғұламасы – Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының шығармашылығын насихаттау мақсатында қалалық  «IV Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы оқулары»  өтті. Қалалық деңгейде ұйымдастырылған оқуға мектебіміздің 6, 9 сынып оқушыларынан құрылған «Ұлан» тобы қатысты. Оқу өте күрделі екі кезеңнен тұрды.

      Бірінші кезеңде оқушыларымыз 3 бағытта:

І бағыт – «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген»  Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқуға 6 «ә» сынып оқушысы Бірімқұл Нұржан,

ІІ  бағыт – «Бас болып өнер білсең тіпті жақсы»  Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының философиясына арналған ғылыми зерттеу жобасына  9 «ә» сынып оқушысы Уалиханов Ұлан,

ІІІ бағыт –  «Білімді зерек адам болам!» -десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен Мәшһүр-Жүсіптің шығармашылығы бойынша эссе жазуға 9 «ә» сынып оқушысы Айтжанова Айжан сайысқа түсті. Оқудың әр бағыттары бойынша оқушыларымыз суырылып алға шығып, жоғары ұпай жинақтады.

    Екінші кезеңде «Түгел адам болуға талап қылсаң, Шала-шарпы жандардан сырыңды жасыр» атты Мәшһүр-Жүсіптің шығармашылығына арналған сұрақ-жауаптар бойыншатоптық сайысқа түсті. Сайыстың бұл кезеңінде де мектебіміздің оқушылары алдына жан салмады.

     Сөйтіп, топтық есепте № 35 мектептің оқушылары қалалық « IV Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы оқуларында» бас жүлдеге ие болып, облыстық оқуға қатысуға жолдама алды.

   Мектебіміздің мәртебесін асақақтатқан  6 «ә» сынып оқушысы Бірімқұл Нұржанды, 9 «ә» сынып оқушысы Уалиханов Ұланды, 9 «ә» сынып оқушысы Айтжанова Айжанды, оларды дайындаған ұстаздары Ертаева Ақмарал Хамитқызын жеңістерімен құттықтаймыз! Облыстық оқуға жолдама алған шәкірттерімізге сәттілік тілейміз!