Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
№ 35 ЖОББМ оқушылардың жазғы демалысының ұйымдастырылуы
01-06-2011 05:25
№ 35 ЖОББМ  оқушылардың жазғы демалысының ұйымдастырылуы

       Мектебімізде оқушылардың жазғы демалысын кызықты және пайдалы өткізу үшін олардың  бос уақытының қымтылуы мен сауығуын, ұйымдастыру мақсатында, бастауыш сынып оқушылары үшін мектеп жанында «Джунгли шақырады» сауықтыру лагері жұмыс істейді.

      Лагерьде демалатын балалар үшін  3  мезгіл ыстық тамақ, әртүрлі қызықты тәрбиелік шаралар және мектептен тыс мекемелерге шығу танымжорықтары жоспарланған. Сауықтыру лагерінде 5 топ жұмыс ітейді. «Балу», «Хатки», «Багира», «Акела», «Шерхан» топтары. Бұл топтардың осылай аталуы себебі де, лагерьдің жалпы  «Джунгли шақырады» аталуына байланысты. Әр топтың өз ұраны, топтық әні, атрибутикасы таңдалып алынды. Сауықтыру лагерінің 1-ші маусымы 2.06.-22.06.2011 аралығында, 2-маусымы 27.06-15.07.2011, 3-маусымы 18.07.-5.08.2011 дейін жұмыс атқарды.

      Лагерьдің төлем ақысы 4380 тенге. Жетім балалар тегін, аз қамтамасызданған отбасы балалары үшін  50% жеңілдік қарасытырылған.

      5-10 сынып оқушыларының жазғы демалыс уақытын көңілді, ұтымды өткізіп, білімге деген қызығушылықтарын тұрақтандыру мақсатында мектебімізде «Бес жұлдыз» бағдарлы лагерь ұйымдастырылады. Жалпы лагерьде бір  топта 15 оқушыдан 4 топ құрылады. Олар «Жігер» әлеуметтік бағыт, «Олимп» лингвистикалық бағыт, «Таным» ізденіс-зерттеу бағыты және «Салауат» денсаулықты нығайту бағыттарында жұмыс істейді.

      Балалар білімге деген қызығушылықтарын арттырып , салауатты өмір сүруге дағдыланады. Лагерь оқушылары күнделікті таңертең бой жазу жаттығуларын жасап, өз топтарында бағдар бойынша сабақтарын оқиды. Одан кейін сауықтыру, мәдени іс-шараларға қатысады.

      Сонымен қатар жаз бойы 323-оқушы мектеп жанындағы үлескіде еңбектенсе, 36 оқушыдан еңбек топтары құрып, 49 оқушы «Горзеленстрой»  ЖШС-да ақылы жұмысқа орналастырылды.