Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
1 қыркүйек – Білім күні
06-09-2011 09:00
1 қыркүйек – Білім күні

    № 35 жалпы білім беру мектебінде 1 қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Биылғы 2011-2012 оқу жылының басталуы мемлекетіміздің Тәуелсіздігінің 20 – жылдық мерейтойымен ерекшеленді.

    1 сыныпқа келген, мектеп табалдырығын алғаш рет аттап отырған балалар саны 83. Салтанатты жиынға Павлодар қаласының еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің орынбасары Сагинова Рымкеш Ауғанқызы қатысып, оқушыларды жаңа оқу жылы басталуымен құттықтады.

    Бүлдіршіндерді 11 сынып оқушылары құттықтап, «Әліппе» оқулығын сыйлады. 1 сынып оқушылары Жумабекова Айым мен Иманахмет Жәңгір ортаға шығып, қоңырау соқты.

   Салтанатты жиыннан сыныптардың барлығы «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшілік, келісімнің және жасампаздықтың 20 жылы» тақырыбында бірынғай сабақтарына қатысты.