Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай «Тәуелсіздіктің 20 шыңы» қалалық шара аясында №35 жалпы орта білім беру мектебінде өткізілген «Алтын теңге» күні жөнінде ақпарат
15-12-2011 06:32

     Мектебімізде 3 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай «Тәуелсіздіктің 20 шыңы» қалалық шара аясында  «Алтын теңге» күні өткізілді.

     Шарада Тәуелсіздіктің 20 жыл ішіндегі маңызды оқиғаларының бірі ұлттық валюта теңгенің тарихы туралы «Алтын теңге–Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің нышаны» баяндамасы ұсынылады. Баяндаушы тарих пәнінің мұғалімі Кучукова Гүлнар Адамқызы.

      Мектебіміздегі оқушылар бойында патриоттық тәрбие қалыптастыру мақсатында Джамбусинов Аманжол Кабдрахманұлының жетекшілігімен жұмыс істейтін «Ұлан» әскери - патриоттық клуб ұландары өз өнерлерін көрсетті.  

      Содан кейін, «Жаса, Қазақстан» тақырыбында мерекелік концерт ұсынылды. Концертте мектебіміздегі «Жас талап», «Достар» вокал топатырының, «Қарлығаш» би үйірмесінің кіші және үлкен топтары бишілері өз өнерлерін ортаға салды. Оқушылар орындауындағы «Туған ел», «Туған жер», «Бақытты балалық шақ», «Астана» әндері мен «Достар» вокал үйірмесінің «Жігер» троиосының орындауындағы «Толғау» көрермендер көңілінен шықты. «Балауса -2011» балалар шығармашылығы байқауының лауреаттары «Үкілі домбыра» ұлттық аспаптар ансамблі мен ең жас әнші Сұлтанбек Еркежан да өз өнерлерін көрермендерге ұсынды.

       Концерт бүкіл концертке қатысушылардың «Жаса, Қазақстан!» әнін орындауымен аяқталды.