Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Адрес: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Қазақ фольклоры» апталығының «Әлеуметтік – тұрмыс эпосы мен тарихи жырлар» мазмұнындағы іс-шаралары
07-05-2012 09:56
«Қазақ фольклоры» апталығының «Әлеуметтік – тұрмыс  эпосы мен тарихи жырлар» мазмұнындағы іс-шаралары

        Фольклордың  сөз өнері,  халық өмірінің көркем шежіресі,  көне мәдениеті екенін арқау еткен бұл кеште мектебіміздің  ұлағатты ұстазы , қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі  Г.Р. Манабаева көрермендерге  құттықтау сөзін  арнап, ұстаздар   мен  оқушыларды  апталыққа белсене қатысуға шақырды,  дарында да талантты шәкірттеріміз  өз өнерлерімен  тәнті  етті.

        Мектебіміздің  домбырашылар үйірмесі  күмбірлетіп күй тартса, жас ақыңдарымыз 9-сынып оқушысы   Жазира мен   10-сынып оқушысы  Шыңғыс   Алаштың  айбынды батырларына   арнаған өлеңдерін оқыды.  Сөз өнерінің шарықтау  шегі,  түп  тамыры  қазақ шешендіктану  ғылымында жатқанын  мақтан тұтқан мектеп  мақтанышы,  5- сынып оқушысы Жылқыбай Шыңғыс  би-шешендеріміздің нақыл сөздерін көрермен көңіліне жеткізе білді.

       Фольклорымызды  әрі әдебиет, әрі театр, әрі би, әрі ән  ретінде таныта білген шәкірттеріміз мың бұралып  би билеп,  Күлтегін  бабасына арнаған әнін әуелетті, « Қазақ елі» әнімен тәуелсіздік туын асқақтата түсті.

        Апталық қарсаңында тарих пәнінің мұғалімі  Кучукова Г.А.  «Әлеуметтік тұрмыс-эпосы мен тарихи жырлардың мәні» тақырыбындағы дөңгелек үстелге шақырса, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Калемшараф С. « Сөз мерген» танымдық сайысымен тәнті етпек.

        Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қайдарова С. Е. «Этнографиялық мұра» атты таным жорық ұйымдастырса,  мектебіміздегі   барлық  сынып жетекшілері    7-11 мамыр аралығында фольклорымызды ұлықтайтын  түрлі  тақырыптарда  танымдық сайыстар, тәрбие сағаттары, дөңгелек үстел, конференция, пікірталас  өткізбек.

        Асыл қазынамыз  -   әлеуметтік-тұрмыстық   жырлар    мен тарихи   жырларымызды дамытуға ат  салысайық,  қастерлейік,  келер ұрпаққа  аманат етейік!