Телефон доверия
8 (7182)53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Адрес: Айманова, 37
8 (7182)53-71-04
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда с 14.00 до 19.00, Пятница с 14.00 до 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ПКБАИ тыңдаушыларына арналған іс-тәжірибемен бөлісу сабақтары
14-05-2012 04:14
ПКБАИ тыңдаушыларына арналған іс-тәжірибемен бөлісу сабақтары

 

     3 мамырдың 2012 жылы № 35 жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сыныптарында ПКБАИ тыңдаушыларына арналған іс-тәжірибемен бөлісу сабақтары өткізілді. Облысымыздың мектептерінен 26 мұғалім қатысты. Мектебіміздің 5 мұғалімі өз тәжірибелерімен алмасты.      Қатысудың мақсаты: заманауи технологияларды бастауыш пәндерінде  ұтымды пайдалану.

     Жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологиясы бойынша ашық сабақтарды бергендер: 1 «А» сыныбының математика пәні бойынша Орумбаева А.Д. Тақырыбы : «Он көлеміндегі қосу мен азайтуды қайталау»; 2 «А» сыныбының математика пәні бойынша Аманжолова Г.Ж. Тақырыбы:«100 көлеміндегі сандарға қолданылатын амалдар»; 2 «Ә» сыныбының қазақ тілі пәні бойынша Шарипова Т.Ш. Тақырыбы: «Түбір мен қосымшаны қайталау»; 3 «Ә» сыныбының қазақ тілі пәні бойынша Дюсенбаева А.С. Тақырыбы:«Мәтін түрлерін қайталау». 

     Step by Step технологиясы бойынша 4 «А» сыныбында Искакова Р.А. «Дыбыс пен әріпті қайталау» тақырыбында  қазақ тілі пәнінен сабақ берді.