Мектебімізде 3-8 қыркүйек аралығында «Күнделікті шынығу белсенділігі- денсаулық пен ұзақ ғұмыр жолы» ұраныменРеспубликалық «Денсаулық апталығы» өткізілді.
Мақсаты:
- Оқушылардың денсаулықтарын нығайту,ағзаларын шынықтыру;
- Салауатты өмір салтын күнделікті өмірде қалыптастыруға баулу , нығайту;
- Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай табиғаттың сұлулығын өнермен, музыкамен ұштастыру , салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Денсаулық апатығы мектеп оқушыларының салтантты саптүзумен басталып, апталық аясындағы өткізілетін іс-шаралар жоспарымен таныстырылды.Денсаулық күніне бүкіл мектеп жұмыла қатысты .
Апталықтың әр күні спорттық шаралар өткізіліп тұрды.Денсаулық апталығының жоспарына сәйкес 9 сыныптармен волейбол жарысы өткізілді. Жарысқа 36 оқушы қатысып, I орынды 9 «ә», II орынды 9 «а», III орынды 9 «б» сыныбы иеленді. 5-6 сыныптар ұлдары арасында «футбол» жарысы ұйымдастырылды. Жарысқа 50 оқушы қатысып, 5- ші сыныптар арасында I орынға ие болған 5 «ә», II-орын 5 «б», III -5 «а» сыныбына бұйырды. 6-сыныптар арасында I орынға ие болған 6 «ә», II-орынға 6 «а», III-орынға 6 «б сыныбы ие болды. Бастауыш сынып оқушыларымен көңілді сөре жарысы ұйымдастырылды.Барлығы 90 оқушы қатысып, 2 сыныптар арасында I орынға ие болған 2 «ә», II-орын 2 «а», III-орын 2 «б»сыныбы иеленді. 3 сыныптар арасында I-орын 3 «а», II-орын 3 «ә», III-орын 3 «б». 4 сыныптардан арасындағы жарыста I-орын 4 «ә»,II-орын 4 «а», II-орын 4 «б».
7 сыныптармен баскетбол ойыны өткізілді. 40 оқушы қатысқан баскетбол ойынында I-орын 7 «ә», II-орын 7 «а», III-орын 7 «б»сыныптарына бұйырды. 7 сыныптардың қыздары арасындағы пионербол ойынында I-орынға 7 «ә», II-орын 7 «а», III-орын 7 «б»сыныбында. 8 сынып 25 оқушысы пионербол ойынын ойнап, I-орын 8 «а», II-орын 8 «ә», III-орын 8 «б»ие болды. 10-11 сыныптар арасында волейбол ойынынан I- -орын 11 «ә», II-орын 11 «а», III-орын 10 «а» сыныбы иеленді.Әр сайыстың қорытындысы күнделікті жасалып , марапаттау рәсімі өткізіліп отырды.Сонымен, қатар мектепте күнделікті , үлкен үзілістерде сергіту үзілістері ұйымдастырылып, оқушылар «Қара жорға», «Кукрелла» биілерін билеп, бойларын сергітеді.
8-қыркүйек күні мектеп оқушылары «Мен, Сен және Ол- Біз салауатты ел» ұранымен өткізілген қалалық «Денсаулық фестивалі-2012» іс-шарасына қатыстырылды.