Біздің мектепте өткен ойын - сауық
05.11.2012 ж. біздің мектепте «Ойнайық та, ойлайық» атты ойын-сауық өтті.
Мақсаты: балалардың демалысын қызықты ұйымдастыру.
Ойын – сауық сайыс түрінде өтті, оған алтыншы сыныптың оқушылары қатысты. Тапсырмалар әр түрлі тақырыпта болды, олар: балалар жақсы көретің жұмбақ шешу, анаграммалар, «Сөз ойла–тез ойла», қимыл ойындар, «Өзгеше айтылатын әндер», «Жарнама», сурет салу, сұрақ – жауап. Берілген тапсырмалардың бәрін дұрыс орындап,40 ұпай алып 6«Б» сынып 1–орынға ие болды,6«Ә» 39 ұпай алып 2 –орынға,6«А» 38 ұпай алып 3-оранға ие болды.
Құттықтаймыз!
Күзгі каникулдарың қызықты өтсің, балалар!
Ұйымдастырушы – педагог Амирова Б.З.