Мектебімізде «Саламатты Қазақстан» Мемелекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатындағы 2-7 қыркүйек кралығындап «Ұлт саулығының негізі- салауатты өмір салтында» ұранымен «Денсаулық апталығы» өткізілді.
Мақсаты:
- Оқушылардың денсаулықтарын нығайту, ағзаларын шынықтыру;
- Салауатты өмір салтын күнделікті өмірде қалыптастыруға баулу;
- Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай табиғаттың сұлулығын өнермен, музыкамен ұштастыру, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Денсаулық апталығы мектеп оқушыларының салтанатты саптүзумен басталып, апталық аясындағы өткізілетін іс-шаралар жоспарымен таныстырылды.Апта бойы «Шынықсаң шымыр боларсың» айдарымен бүкілмектептік таңертенгі жалпы дамыту жаттығулар өткізілді, сонымен қатар қара жорға биі және басқа да ұлттардың билерін билеп сергіту жаттығулары орындалды.
6,9 сынып оқушыларымен «Денсаулыққа көзқарас» тақырыбында сауалнама өткізілді. Қазақ, орыс тілі пәндерінде «Дені сау ұрапақ- жарқын болашақ» тақырыптарында диктанттар алынды. 4 қыркүйек күні 1-11 сыныптар аралығында «Денсаулық әліппесі», тақырыбында тәрбие сағаттары, 1-4 сыныптарда «Менің мектепке дейінгі жолым» диспут, 5-6 сыныптарды «Жол тәртібін білейік- аман-есен жүрейік» тақырыбымен викториналық ойын өткізілді. Бастауыш сыныптары арасында «Салауатты өмір- біздің болашағымыз» тақырыбында суреттер сайысы ұйымдастырылды.
Сонымен қатар апта бойында жоспар бойынша спорттық жарыстар өткізіліп отырды.2 қыркүйек күні 5 сыныптар арасында мектеп ауласында эстафеталық жарыс өткізіледі, оған 30 оқушы қатысты. «Көңілді мәре» жарысында І орын 5 «а» сыныбы, ІІ орын 5 «б» сыныбы, ІІІ орын 5 «ә» сыныбы алды. Жоспар бойынша қыркүйектің 3 күні «Көңілді мәре» 6 сыныптар арасында өтті. І орын 6 «ә» сыныбы, ІІ орын 6 «б» сыныбы, ІІІ орын 6 «а» сыныбы алды. Қыркүйектің төрті күні 7 сыныптар арасында пионербол жарысы өтті. Оған қатысқан оқушылардың саны 45 . І орынға ие болған 7 «ә» сыныбы, ІІ орын 7 «а» сыныбы, ІІІ орын 7 «б» сыныбы алды.
5 қыркүйек күні 8 сынып арасында волейбол жарысы өткізілді. І орын 8 «б» сыныбы, ІІ орын 8 «ә» сыныбы, ІІІ орын 8 «а» сыныбы алды, оған қатысқан 36 оқушы. 6 қыркүйек күні бастауыш сыныптар арасында «Көңілді мәре» өткізілді. 2 сыныптар арасында І орын 2 «в» сыныбы, ІІ орын 2 «б» сыныбы, ІІІ орын 2 «ә» сыныбы алды, қатысқан оқушылардың саны 40. 3 сыныптар арасында І орын 3 «а», «б» сыныбы, ІІ орын 3 «ә» сыныбы, алды, қатысқан оқушылардың саны 40. 4 сыныптар арасында І орын 4 «ә», сыныбы, ІІ орын 4 «а» сыныбы, III орын 4 «б» алды. 6 қыркүйек күні 9-11 сынып арасында баскетбол жарысы ұйымдастырылды. 9 сынып оқушылар арасында I орын 9 «ә» сыныбы, II орын 9 «а» сыныбы. 10-11 сынып арасында I орын 10 сынып II орын 11 «ә» , III орын 11 «а» сыныбы иеленді.
Апталықтың соңғы күні 7-қыркүйекте «Денсаулық фестивалі-2013» аясында«Здоровье в порядке – спасибо зарядке» ұранмен, сағат 11.00-11.20 уақыт аралығында 675 оқушының қатысуымен «Жаттығуға тұралық» кешенді жаттығулар жасалды. Жаттығулардан соң апталықтың жабылу рәсімі өткізіліп, іс-шаралардың қорытындысы бойынша марапаттаулар өткізілді. Мектебіміздің 45 оқушысы және 5 мұғалімі қалалық орталық стадинда өткізілген «Денсаулық фестивалі-2013» қатыстырылды.