Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған
07-12-2013 07:14
Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған

     Ассалаумағалейкум, ырысы артқан көңілі дарыған, қазағымның баласы. Ең алдымен өзімді таныстыра кетуді жөн көрдім. Мен қасиетті Баянауыл өңірінде 1997 жылдың 15 мамыр күні дүниеге келдім. Қазір Павлодар қаласы №35 жалпы орта білім беру мектебінде оқимын, қазіргі таңда 10 сыныптың оқушысымын. Жақында маған Манабаева Гүлбарам Рахимқызы, менің сынып жетекшім, Облыстық Мағжан оқуларына қатысуға ұсыныс жасады. Мен басында қобалжысам да, бірден келісімімді бердім. Өйткені, жетекшімнің мені таңдағаны, маған сенгені деп білем, сол сенімін ақтау үшін барынша тырыстым. Өзімнің шабытымның шалқары ойнап жүрген кездегі өлеңдерімді жинай бастадым. Өлеңім көп болмаса да, сезімге толы шумақтарым көп болды. Ана тілінің қадірін, қасиетін танытып, көпшілікке ой салу, пікірлерін ұштау мақсатымен қазақ тілі, ана тілі жайлы ұлы ойшылдар мен қайраткерлердің, танымал тұлғалардың өлеңдерін оқығанды ұнатамын. 2013 жылы 29 қараша күні №3 Ыбырай Алтынсарин атындағы гимназия мектеп-интернатында «Облыстық Мағжан оқуларына» қатыстым. Мектепке кірер кезде үлкен қобалжу болды. Сол сәтте өзім үшін емес, мектебімнің намысын ойладым. Өйткені мектептің намысын қорғау – менің мойнымда болды. Облыстық оқулар 3 кезеңнен тұрды, ал мен қатысатын кезең «Ақын да бір бала ғой, айға ұмтылған» жас дарындар конкурсы, онда мен өзім шығарған өлеңдерімді оқыдым. Бізге Мағжан Жұмабаевтың өлеңінен бір жол беріп, соған өлең шығарыңдар деді, бұл біздің ақындық өнерімізді тексерді. Шынымды айтайын, барғаныма өкінбеймін, көптеген мықты ақын балаларды көрдім, барлығы да керемет ақын, өзіндік стилі бар, тіпті 5-сынып оқитын жас дарынды қыз өз өлеңдерін оқыды. Маған барлығы да ұнады, бірақ бұл сайыс болғандықтан біреу озады, біреу қалады демекші, озғандар да болды, мұңайып қалғандар да болды. Облыстан жиналған балалар орын алатынына сенді, кейбір жастар бірінші рет қатысып тұрғаннан кейін қобалжу байқалды, бірақ көрсетпеуге тырысты. Мен сонда «Түс», «Анама», «Мағжан», «Өлеңім», «Сезімнің есіп самалы», «Ана тілі», «Мәшһүр Жүсіп», «Әке», «Нағашы», «Қазағым» деген өлеңдерімді оқыдым. Қазылар алқасына ұнады ма білмедім, бірақ дос болып кеткен жолдастарыма ұнады. Менің ойымша, ақын мықты ақыннан асамын деп тырыспау керек, ең бастысы ақын ретінде қалу керек. Сонымен облыстық оқулар маған не үйретті? Әрине көп нәрсені үйрендім, болашақта ақын болып қалыптасуға жақсылығы тиер деп сенем. Айтпақшы, Облыстық Мағжан оқуларынан ІІІ орын алдым. Қуаныштымын ба? Әрине қуанышымда шек жоқ.

 

 

 

Павлодар қаласы

№35 жалпы орта білім беру мектебінің

10 «А» сынып оқушысы

Ахметов Ризат