«Тапқыр достар»
2014ж. 28 қантарда №35 мектепте 6а мен 6ә сыныптар арасында «Тапқыр достар» атты интеллектуалды сайыс өтті. Сайыстың мақсаты: оқушылардың әр салада білімдерін кеңейту, балалардың арасындағы әр түрлі тапсырмаларды бірлесіп, бірігіп орындау арқылы сынып аралық достық қарым-қатынасты нығайту. Сайыстың бес кезеңінен сүрінбей өтіп І-орынға 6ә сыныбы ие болды. Әділ қазылар алқасы «Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылық орталығының» әдіскерлері болды. Олар женімпаздарды құттықтап, сыйлықтар мен мақтау қағазын табыстады. Женімпаздарды құттықтаймыз!