Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Сынып өмірі» альбомдар сайысы
11-02-2014 08:28
«Сынып өмірі» альбомдар сайысы

    Балалардың бос уақытының ұйымдастырылуын, кәмелетке толмаған балалар арасында қылмыс пен құқық бұзушылық,  бақылаусыздығын болдырмауды қамтамасыз ету, шығармашылығын жетілдіру мақсатында мектебімізде қыркүйек- ақпан аралығында  «Сынып өмірі» альбомдар сайысы  өткізілді. Бұл іс-шарада   мектебіміздің әр сыныбының заңдарымен, күнделікті сынып тынысымен, сыныптың ішкі дәстүрімен,  оқушылардың бос уақыттарының ұйымдастырылуы және қандай өнерлері бар екендігімен жақын таныстық. Албомның бөлімдері алдын ала берілген төмендегі ережеге сәйкес шығарылды.

   

 

 

     1 бөлім: «Біз»- ол  25 «МЕН»

     2 бөлім: Сынып өмірінің заңдары.

    3 бөлім: Күнделікті сынып тынысы (оқушылардың мектепішілік, мектептен тыс бос уақыттарының ұйымдастырылуы, «Қызықты каникул кезінде...», сынып жетістіктері)

     4 бөлім: Сынып өміріндегі ата-аналардың орны.

    Ақпанның 7-13 арлығында 5-7 сыныптар арасында «Сынып өмірі- менің өмірім» айдарымен,шығарған альбомдарды презентациялау сайысы өткізілді.

    Әділ қазылар презентацияның ұзақтығын сақтау,  ұсыну түрінің бірегейлігін , альбомның әр бөлімінің ашылуын,  презентацияны орындау шеберліктеріне, сахналық мәдениеттің сақталуына баға қойды. 5-7сыныптар арасында 1орынды 6а, 2-орынды 7а, 3-орынды 5а сыныптары иеленді.