Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Адрес: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Ең зияткер отбасы»
19-03-2014 07:41
«Ең зияткер отбасы»

    «Ата- ана – бәйтерек, бала-жапырақ» деген қазақта дана сөз бар. Бәйтерек өз тамырынан қоректі заттар алып, оны жапырақтарына береді. Жақсы ата – ана да бәйтерек сияқты. Отбасында бала не көріп, не істесе, соны бойына сіңіреді. Бала тәрбиесінің ең үлкен мектебі - өз отбасы.

    Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан - жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Ата-анамен бала арасындағы қарым – қатынасты нығайту, өзара көмекке, ынтымақтастыққа, ұйымшылдыққа, түсіністікке тәрбиелеу, баланың қызығушылығын арттыру, ойын дамытып, адами қасиеттерге баулу, ата-ана – мектеп- оқушы болып, үш жақты тығыз қарым-қатынас орнату мақсатында мектебімізде "Жұлдызды отбасы" жобасы аясында «Ең зияткер отбасы» сайысы өткізілді. Сайысқа барлығы 7 отбасы қатысып, оқушылардың жас ерекшелігіне қарай 2 ге бөлініп  сайысқа түсті. Сайыс: таныстыру, Павлодар өңірінің тарихы, салт- дәстүр туралы сұрақтарға жауап беру , мақал – мәтелдерді жалғастыру, логикалық тапсырмаларды орындау,  зияткерлік жұмбақтар шешу кезеңдерінен тұрды. Сайыстың қорытындысы бойынша Айткуловтар 2ә, Кеңесбаевтар 2б, Алькеевтар 4а  «Ең зияткер отбасы» атанып, Бақытовтар 1а, Смаиловтар 7ә 2-орынға иелесе, Габдулбековтар 1в, Түкеновтар 5б 3-орынға ие болды. Сайысқа қатысқан ата-аналарға алғыс айтып, жеңімпаздарды құттықтаймыз!