Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Компьютер немесе кітап» пікір сайысы
14-04-2014 09:39
«Компьютер немесе кітап» пікір сайысы

Компьютер немесе кітап

       Наурыздың  5-і күні  7ә сыныбында «Компьютер немесе кітап» атты пікірсайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты: «кітап неге оқылмайды» деген сауалдың жауабын жан-жақты іздеу. Алдын-ала 7-8 сынып оқушыларынан сауалнама алынып, олардың 70 пайызы кітапханаға барсада,  қосымша ақпараттық мәліметтерді  интернеттен,  ал 27 пайызы кітапханадан алатыны анықталды. Оқушылар екі топқа бөлініп  «электронды ақпар көзі кітаптарды алмастыра ала ма?» деген тақырыпта ой бөлісті. Бірінші топ  «кітап оқымаймыз, қажетті ақпаратты компьютер арқылы аламыз»  деген тұжырым бойынша өз ойларын ортаға салса, екінші топ «кітап оқыған пайдалы, ой өрісімізді дамытамыз, компьютерден қажетті мәліметтердің бәрін таба алмаймыз, сондықтанда кітап оқу арқылы көп ақпарат аламыз» деп өз ойларын ортаға салды. Қорыта келе, оқушылар, заман ағымына сай ақпарат көздерін дұрыс пайдалана отырып, әдеби кітап оқудың  маңыздылығы әрқашанда  зор, білім іздеген адамның жол көрсетер серігі - кітап бола беретіндігі жайлы ортақ шешімге келді.