Ата-аналар жиналысы
№35 жалпы орта білім беру мектебінде «Жасөспірімдік шақтағы бала мен ата-ана арасындағы қатынастар. Шатақтың алдын- алу. » тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста мектеп психологы: Какимова Ж.Б. «Тәрбие көзі-отбасы» тақырыбында баяндама оқыса, екінші психологымыз: Ханафия М. ата-аналармен «Қылау жапырақ » тренингін өткізіп, сауалнама алды. Әлеуметтік педагог : Уразбаева Ш.С. ата-аналар мен балалардың арасындағы кездесетін «Тілдесудің кедергілері » туралы мағлұмат берді.