Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182)53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Адрес: Айманова, 37
8 (7182)53-71-04
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда с 14.00 до 19.00, Пятница с 14.00 до 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Педагогикалық процесте инновация - мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді.
04-09-2014 10:21
Педагогикалық процесте инновация  - мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді.

Павлодар қаласының №35 жалпы орта білім беру мектебінде жаңа оқу жылы жаңаша қарқынмен басталды. Мектеп әкімшілігі және деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің бастамасымен желілік қоғамдастық аясында  Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ  гимназия-интернаты мұғалімдерімен бірлесе отырып «Оқуды бағалау және оқыту үшін бағалау» тақырыбында коучинг өтті. Биылғы оқу жылы басында мектебімізде  бұдан бұрын «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: оқушы белсенділігін арттырудағы бірлескен оқудың тиімділігі», «Талантты және дарынды балаларды оқыту» тақырыбында 2 коучинг өткен болатын. Әдеттегідей бұл коучингіге де мектеп ұжымы толықтай әрі белсенді қатысты. Коучер Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты мұғалімі Мұхаметжанова Райгүл Жетпісқызы  коучингті қызықты әрі тартымды өткізе білді. Сөз саптауы мен өзін-өзі ұстай білуі, терең білімі арқасында көпшілікті баурап алған коучер «Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау» модулін ұстаздарды тақырыпқа байланысты топқа бөлуден бастап, коучинг материалын тест арқылы бағалаумен аяқтады. Ұстаздарымыз коучингтің әр бөлімінде өздерінің жаңашылдығы мен ізденімпаздығын көрсете білді. Коучинг соңында оқу ісінің меңгерушісі Асаинова Ш.Б. сөз алып, коучинг барысына сараптама жасады, коучерге алғысын білдірді, мектеп ұжымына алдағы уақытта ашық білім аясында ұстаздарымыздың кәсіби білімі жетіле түсетінін атап өтті.

Ұстаздарымызды жаңа оқу жылымен құттықтай отырып, бірлесе жұмыс атқарсақ, алынбайтын қамал, аспайтын асу жоқ екендігін айта отырып, шәкірттерге саналы білім, сапалы тәрбие беру  жолында ынтымақтаса жұмыс жасауға шақырды.

    №35 жалпы орта білім беру мектебі мұғалімдері А.Узбен, Қ.Х. Жунуспаева