Заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісін ұштастыра білген, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген мұғалім ғана бүгінгі күн талабына сай ұстаз бола алады. Сабақты тартымды, қызықты етіп өткізу мұғалімнің шеберлігіне, білімділігі мен біліктілігіне байланысты.
Ұстаз табысы – тынымсыз ізденісте. № 35 жалпы орта білім беру мектебінде білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіріп, жаңашыл мұғалімдер даярлау мақсатында іс-шаралар жүргізілуде. Сол мақсатпен «Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер. Диалогтік оқыту» тақырыбында коучинг өткізілді. Коучингке қатысқан ұстаздар әдіс-тәсіл туралы теориялық мәліметтер алып, әңгіменің түрлері және олардың сипаттамаларымен танысып, тәжірибешілік жұмыстар жасады. Коучингті қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Нәжім Мейрімхан Бахрадинқызы жинақтап қорытындылады. Оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес.