Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Орта білім мазмұнын жаңартудың басты мақсаты – түйінді құзыреттіліктерді меңгерген қоғамға қажетті мектеп түлегін тәрбиелеу.
26-09-2014 07:02
Орта  білім мазмұнын жаңартудың   басты мақсаты – түйінді құзыреттіліктерді меңгерген қоғамға қажетті мектеп түлегін тәрбиелеу.

    Бүгінгі таңдағы оқытудың негізгі мақсаты – болашақ мамандығына байланысты әрбір балаға тереңірек білім беру, білімді өзгермелі өмір жағдайларына қолдана білу дағдысын қалыптастыру екені белгілі. Яғни,  оқушылардың алған білімді  қолдану дағдыларын, атап айтқанда, функционалдық сауаттылығын немесе құзыреттілігін қалыптастыруды көздейді. Ал біздің міндетіміз - жинақталған құнды тәжірибемізді сақтай отырып,  керісінше оны  білім беруді реформалаудың жаңаша идеяларымен ұштастырып, тиімді қолдану. Ол үшін әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек.Сонымен бірге,  мектеп ұжымы жұмысының  нәтижесі қоғамға қажетті мектеп түлегін тәрбиелеу болуы керек.

   Білім беруді модернизациялаудағы жаңаша идеялардың ішінде бүгінгі таңда тиімдісі - кез-келген іс-әрекетті диалогтік қарым-қатынас пен командалық формада іске асыру.

   Павлодар қаласындағы №35 жалпы орта білім беру мектебінің ұжымы да мұғалім қызметінің негізігі құндылығына айналуы тиіс маңызды қағидаттарды ұштастырып,  тиімді қолданудың әдістерін іске асыруда. Мектебімізде деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің ат салысуымен «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда диалогтік қарым-қатынас пен бірлескен командалық қызметтің тиімділігі», «Функционалдық сауаттылыққа арналған тапсырмалар құрастыру және осы басымдықпен орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар құрастыру» тақырыбында семинар-тренингтер болып өтті. Ұстаздардың ұсынысы бойынша соңғы семинар-тренингте пән мұғалімдері оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған  тапсырмалар туралы ойларын ортаға салды. Семинар барысында мұғалімдер оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға арналған тапсырмаларды  өз сабақтарында күнделікті  қолдану  үшін орта және қысқа мерзімді жоспарлар құрастырды.

    Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстармызды одан әрі жалғастыра бермекпіз!

№35 жалпы орта білім беру мектебі мұғалімдері Қ.Х. Жунуспаева, А.Узбен.