Сіздерді 1 қазан -– Қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Үлкенге ізет жасау халқымыздың бойына сіңген ерекше қасиет. Бұл ұрпақтар сабақтастығының жарасымды жалғасы. Еліміздің білім саласын дамытуға сүбелі үлес қосқан аға ұрпақ өкілдерін әрдайым мақтан тұтамыз.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бұл саладағы саясатын басшылыққа ала отырып, ардагерлерімізді ардақтап, құрметтеуге әрқашанда дайынбыз. Оларды әлеуметтік жағынан қолдаудың тиімді тәсілдерін жүзеге асыра береміз.
Бүгінгі аға ұрпақ өкілдерінің жастық шақтары қиындық атаулыны көп көрді. Тәуелсіздік таңы атқалы бері олардың өмірлері жақсарып, көңілдері шаттыққа кенелді. Бақыттары баянды бола берсін! Сондай-ақ, арамызда жүрген қарттарға ізгі ниет білдіріп, қамқорлық жасау - біздің әрқайсысымыздың қасиетті парызымыз.