Дүниеде баланың қуанышынан қымбат не бар?!
Көркем, көз жауын алардай етіп безендірілген шырша орналасқан жердің төбесі биік, айналасы кең,жайлы. Балдырғандар ертегілер елінде жүргендей өздерін емін-еркін сезініп,шыршаны айналып,ән салып, би билеп жүр. Бүлдіршіндердің екі езулері екі құлағында. Балалар үшін түрлі киімдер киген кейіпкерлердің ойындары, шағын қойылымдары қызықты болды. Жаңа жылды, Аяз Атаны, Ақшақарды, түрлі ертегі кейіпкерлерін, әсіресе, жаңажылдық тосын сыйлықты асыға күтетін бүлдіршіндер үшін шырша деген керемет мереке ғой... Жаңа жылды қарсы алуға жиналған бүлдіршіндерге қалалық әкімдік атынан тәттілер мен сыйлықтар тарту етілді...