Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Тіл білгірлерінің жарысы
24-01-2017 06:36
Тіл білгірлерінің жарысы
«Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» тақырыбында өткізіліп жатқан қазақ тілі, әдебиеті және тарих пәндерінің апталығы аясында 2016 жылдың 17 қаңтарында мектебіміздің 7 сыныптары арасында «Тіл білгірі» сайысы ұйымдастырылды. Оған мектебіміздің 7 «а», 7 «ә», 7 «б» сынып оқушылары қатысты. Сайыс тартысты өтті. 5 кезеңнен тұратын интеллектуалдық жарыста ешкім жеңісті қолдан бергісі келмеді. Ойын қорытындысы бойынша 24 ұпаймен 7 «а» сыныбы І орынды, 18 ұпаймен 7 «ә» сыныбы ІІ орынды, 14 ұпаймен 7 «б» сыныбы ІІІ орынды иеленді. Ал көремендермен ойында сұрақтардың басым көпшілігіне жауап берген 7 «б» сыныбының оқушысы Кенжабаева Дария білімділігі үшін дипломмен марапатталды. Сайыс барысында 7 «а» сыныбының оқушылары қазақ тілі пәнінен терминдерді көп білуімен және ағылшын тілінен сөздік қорларының молдығымен көзге түссе, 7 ә» сыныбы фразеологизмдердің мағынасын ашуда, 7 «б» сыныбы сұрақтарға мақал-мәтелмен жауап беруде жұлдыздай жарқырады. Соңғы, бесінші, кезеңде әр топ «Тіл тағдыры – ел тағдыры» деген тақырыпта өлең шығарды, ешкім де аянып қалмады. Сол өлеңдерді сіздердің назарларыңызға ұсынамыз. Тіл тағдыры – ел тағдыры байқаңдар, Туған тілді жойылудан қорғаңдар. Қазақ тілін болашаққа аялап, Бүлдіруден, өзгертуден сақтаңдар. Туған тілің - алдыңдағы тағдырың, Дүниедегі ең қымбатты байлығың. Сен сөйлесең ол тілде үлгі болып, Ерер анық артыңнан өз жұртыңның. 7 «а» сыныбы *** Тіл тағдыры – ел тағдыры, Тілі өлген ел бомас. Қазақ тлін ұмытсақ, Қазақстан жері болмас. Орыс, түрік, араб тілі, Қанша білсең, өз еркің. Бірақ қазақ – өз тілің, Барлығынан жоғары. 7 «ә» сыныбы *** Тілім менің – бабам тілі, Ана тілім – өз тілім. Өз тілімді сүйемін, Өз тілімді мақтан тұтам! Елім менің тағдырым, Ол үшін мен күйемін. Елім менің байлығым. Ол үшін мен күресем! 7 «б» сыныбы

img_0353 img_0340