«Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» тақырыбында өткізіліп жатқан қазақ тілі, әдебиеті және тарих пәндерінің апталығы аясында 2016 жылдың 17 қаңтарында мектебіміздің 7 сыныптары арасында «Тіл білгірі» сайысы ұйымдастырылды. Оған мектебіміздің 7 «а», 7 «ә», 7 «б» сынып оқушылары қатысты. Сайыс тартысты өтті. 5 кезеңнен тұратын интеллектуалдық жарыста ешкім жеңісті қолдан бергісі келмеді. Ойын қорытындысы бойынша 24 ұпаймен 7 «а» сыныбы І орынды, 18 ұпаймен 7 «ә» сыныбы ІІ орынды, 14 ұпаймен 7 «б» сыныбы ІІІ орынды иеленді. Ал көремендермен ойында сұрақтардың басым көпшілігіне жауап берген 7 «б» сыныбының оқушысы Кенжабаева Дария білімділігі үшін дипломмен марапатталды. Сайыс барысында 7 «а» сыныбының оқушылары қазақ тілі пәнінен терминдерді көп білуімен және ағылшын тілінен сөздік қорларының молдығымен көзге түссе, 7 ә» сыныбы фразеологизмдердің мағынасын ашуда, 7 «б» сыныбы сұрақтарға мақал-мәтелмен жауап беруде жұлдыздай жарқырады. Соңғы, бесінші, кезеңде әр топ «Тіл тағдыры – ел тағдыры» деген тақырыпта өлең шығарды, ешкім де аянып қалмады. Сол өлеңдерді сіздердің назарларыңызға ұсынамыз. Тіл тағдыры – ел тағдыры байқаңдар,Туған тілді жойылудан қорғаңдар.Қазақ тілін болашаққа аялап,Бүлдіруден, өзгертуден сақтаңдар.Туған тілің - алдыңдағы тағдырың,Дүниедегі ең қымбатты байлығың.Сен сөйлесең ол тілде үлгі болып,Ерер анық артыңнан өз жұртыңның.7 «а» сыныбы***Тіл тағдыры – ел тағдыры,Тілі өлген ел бомас.Қазақ тлін ұмытсақ,Қазақстан жері болмас.Орыс, түрік, араб тілі,Қанша білсең, өз еркің.Бірақ қазақ – өз тілің,Барлығынан жоғары.7 «ә» сыныбы***Тілім менің – бабам тілі,Ана тілім – өз тілім.Өз тілімді сүйемін,Өз тілімді мақтан тұтам!Елім менің тағдырым,Ол үшін мен күйемін.Елім менің байлығым.Ол үшін мен күресем!7 «б» сыныбы