Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Ақын сыр шертеді...»
24-01-2017 06:28
«Ақын сыр шертеді...»
2017 жылдың 20 қаңтар күні Павлодар қаласы №35 жалпы орта білім беру мектебінде қазақ тілі және әдебиеті мен тарих пәндерінің «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» атты апталығының аясында 9 – 10 сыныптар арасында өткен «Ақын сыр шертеді...» атты жергілікті ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арман Бақтанұлы Қанимен кездесуге арналған әдеби - музыкалық кеш болып өтті. Кешке 9 – 10 сынып оқытушылары, мектеп директоры М.Б.Асаинов, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері, мектептің кітапханашысы қатысты. Кештің мақсаты – Қани Арман Бақтанұлының поэзиясын, шығармашылығын өскелең ұрпаққа тереңірек таныстыру, ақынның шығармаларынан өзінше ой түюге, өлең құдіретінің қасиетін ұғынуға тәрбиелеу, шығармаларынан өзіндік ой түюге бағытталды. Алғашқы сөзді мектеп директоры М.Б.Асаинов алып, өз ізгі тілегін білдіріп, жиналған көпшілікке Арман Бақтанұлын таныстырып өтті. Шара барысында оқушылар ақынның өлеңдерін нақышпен оқыды. Арман ақын жиналғандарға кең даладай дархан жүрегінен қыран қанатты, қылыштай қиып түсер алмас жырларын тарту етті. Туған елін, өзінің білім алған ордасын сағымды сағынышпен еске алды. Өзінің туған тіліне деген құрметін, еліне деген патриоттық сезімін білдірді. Желтоқсан жаңғырығы, тәуелсіздік таңы туралы ой қозғады. Бүгінгі таңда атқарып жатқан жұмыстары, өзінің басшылық етіп отырған «Ертіс дидары» газетінің тыныс –тіршілігі туралы айтып өтті. Мұғалімдер мен оқушылар көкейлерінде жүрген сан түрлі сауалдарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Бұдан соң сөз кезегін алған қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Табикенова Қарлығаш Сағидоллақызы: «Бұл кештің бүгінгі оқушыларға берері көп. Өлеңдері өте көркем, мән - мағынасы терең, ойлы өлеңдер. Арман ақынның өлеңдерін сонау жас кезімізден кезден тыңдап өстік», – деп сөзін түйіндеді. Кеш соңында кешті ұйымдастырушы жиналған қауымға ризашылығын білдіріп, ақын Арман Бақтанұлына сый-сияпат тапсырып, ілтипат көрсетті. Ақын өз кезегінде мектеп оқушыларына тілектестігін білдіріп, аталық батасын беріп, естелікке суретке түсті.

2 3 5

Ақпаратты дайындаған: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Табикенова Қарлығаш Сағидоллақызы.