Мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін, ой - өрісін, өзіндік іс – әрекетін дамыту, ұқыпты, таза, әдемі жұмыс жасауға үйрету, еңбекқорлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында 1-2 сыныптар арасында "Ең әдемі аққала", 3-сыныптар арасында өткізілетін "Ең әдемі жаңа жылдық шамдар", 4- сыныптар арасында өткізілетін "Ең әдемі жаңа жылдық терезе өрнектері" сайыстары өткізілді. "Ең әдемі аққала" сайысының бас жүлдесін 1 «А», 1 орын 1 «Ә», 2 «А», 2 орынды 1 «В», 2 «Ә», 3 орынды 2 «В» сыныптары иеленді. "Ең әдемі жаңа жылдық шамдар" сайысының қорытындысы бойынша 1 орын 3 «Г», 2 орынды 3 «В»,3 орынды 3 «А» сыныптары алды."Ең әдемі жаңа жылдық терезе өрнектері" сайысының қорытындысы бойынша 1 орын 4 «А», 2 орынды 4 «Б», 4«Ә» сыныптары иеленді.