Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Адрес: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
"Алау" бағдарлы лагерінің ашылуы
10-06-2016 04:00
Еліміздің түкпір-түкпіріндегідей Павлодар қаласының №35 жалпы орта білім мектебінде де оқушылардың жазғы демалысты пайдалы, көңілді өткізуі тиімді ұымдастырылған. Мектептегі жазғы «Алау» бағдарламасы бойынша бес бағытта, яғни лингвистикалық, тарихи-өлкетану, математикалық, спорттық және ҰБТ-ге дайындық үшін бағдарлы лагерь жұмыс атқарылуда. 1 маусым күні «Алау» бағдарлы лагерінің салтанатты ашылуы өтті. Барлық топтар және топ жетекшілері қатысты. Жазғы бағдарлы лагер 5 топтан құрылған. Әр топта 20-25 оқушы бар. Аталмыш лагерде «Лидер», «Таным», «Олимп», «Эрудит», «Болашақ» сынды топтар жұмыс жасайды. Топтарды Аубакирова М.К., Калемшарав С., Кучукова Г.А., Абдрахманова С.Б., Байжырыков Д.Б. сияқты топ жетекшілері басқарады. Топ жетекшілері конкурстық бағдарламалар ұйымдастырды. Балалар өздерінің интеллектуалық білімдерін, спорттық және шығармашылық қабілеттерін көрсете білді. Әр топ «Бірге шырқайық», «Мен спортышымын» «Біз тапқырмыз» атты бағыт бойынша жарысып, соңғы мәрені бірінші болып аяқтаған "Олимп" және "Лидер" топтары жеңімпаз атанды. Әрбір топ өз ұраның айтып шықты. Барлық балалар бірінен –бірі оза шауып, әр аталым бойынша өздерінің ерекшеліктерін көрсете білді. Жарыс соңы мерекелік концертке ұласты, әр топтың оқушылары өз өнерлерін ортаға салып, көрермен көңілінен шықты. Осылай «Алау» бағдарлы лагерінің ашылу салтанатты қызықты әрі көңілді өтті. 20160601_094635 20160601_095735 20160601_101040 20160601_101100