5 мамыр күні №37 жалпы орта білім беру мектебінде қалалық Махамбет оқулары болып өтті. Үш номинация бойынша қатысқан мектеп оқушыларымыздың екеуі жеңіс тұрғырынан көрінді. 8 «а» сынып оқушысы Олимжан Махмудов жауынгер ақынның өлеңдерін жатқа оқудан сынға түсті. ІІ орынды иеленді. Мұғалімі – Кибатова Самал Бакубаевна. Махамбеттің күйлерін орындап, домбырадағы шеберлігін көрсете білген 10 «а» сынып оқушысы Адиль Тиштенов та ІІІ орыннан көрінді. Мұғалімі – домбыра үйірмесінің жетекшісі Узканова Айнұр. Жеңімпаздарды құттықтаймыз.