«Ең білімпаз оқырман» сайысы
Қаңтардың 27-күні мектеп кітапханасында 4-ші сыныптар арасында «Ең білімпаз оқырман» атты сайыс өткізілді. Мақсаты: ұлттық сана-сезімі жоғары, рухани ойлауы терең, мәдениетті, парасатты, еңбекқор ұрпақты кітап оқу арқылы тәрбиелеу. Кітапты сүйе білуге, қадірлеуге баулу.
Шараға әр сыныптан 2 оқушыдан қатысып, олар «Кітап – білім бұлағы», «Тапқыр болсаң», «Мақал – сөздің мәйегі», «Білім көзі - кітапта» деген 4 бөлімнен тұратын тапсырмалар бойынша сайысқа түсті. Оқыған кітабы жайлы түсінік айтып, ең көп мақал-мәтел, әр түрлі сұрақтарға жауап беруде, ақын-жазушылардың шығармалары мен өлеңдерінен үзінді оқып, олардың авторы мен атауларын табуда 4 «А» сынып оқушысы Жұмабекұлы Марғұлан жоғары ұпай алып, жеңімпаз атанды.