Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қайырымдылық – асыл қасиет
04-03-2017 05:53
Қайырымдылық – асыл қасиет

         Қайырымдылық – адамның асыл қасиеттерінің бірі. Қайырымдылық – көмекті қажет етушілерге беретін көмек және ізгіліктің нақты көрінісі болып табылады. Қайырымдылық адам бойындағы асыл қасиеттерді дәлелдеуді қажет етеді.

         2017 жылдың қаңтар-ақпан айы аралығында Республикалық «Қамқорлық»  айлығы өтілді. Айлық негізінде №35 ЖОББ мектебі бойынша тиісті іс-шаралар жоспарланып, іске асырылуда.

         «Қамқорлық» айлығының мақсаты – азқамтылған отбасынан шыққан оқушыларға мүмкіндігінше көмек көрсету, қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыру.

         Мектебімізден Алматы қаласындағы «Бөбек» ғылыми-тәжірибелік білім беру және сауықтыру орталығына көп балалы отбасынан шыққан екі оқушы жіберілді. Облысымыздың Баянауыл өңірінде орналасқан «Жас дәурен» сауықтыру лагеріне жыл сайын азқамтылған және көп балалы отбасы балалары жіберіліп отырады.

         Ал, «Жас ұлан» мүшелері ұйымдастырған «Қайырымдылық және біз» атты іс-шара аясында жасұланшылар көмекке мұқтаж 1-2-сыныпта оқушыларына кеңсе тауарларын сыйға тартты.  

         Қазақы тәлім-тәрбие алған жас жеткіншектер үлкенге құрметпен, кішіге ізеттілікпен қарай білген.

         Күнделікті күйбең тіршілік барысында адам баласының басынан не өтпейді. Сондай бір уақиға Павлодар қаласы көшесінің бір аялдамасында болса керек. Аялдамада қажетті жеріне жете алмай, қиналып тұрған қарт адамның өзіндей немересіндей жасөспірім балалардан жолақысына жетпей тұрғанын айтып, тиын-тебеннің беруін сұрайды. Ал атаулы мектеп оқушылары болса, қолындағы барын ұстата беріп, қарт адамның тілеуін орындаған екен. Бұл өмірде кездесетін бір ғана мысал, жайт оқушылар жүрегіне әсерін тигізбей қоймады. Олар тез арада Павлодар қаласы «Мир» көшесіндегі аялдамаға қорап орнатпақшы болады. Бұл қораптың орнату мақсаты – мұқтаж жандардың жолақысына жетпегенде алатын ақшалай қоры. «Жолақы жетпесе – ал, артығы болса – сал» деген сөздер жазылған қағаз қорапша орнатады. Өкінішке орай, оқушылардың ойлағанындай қорап өз қызметін ұзақ атқара алмады. Орнатылған қораптың ішіндегі ақшасымен қоса қолды болғанын анықтайды.    

           «Мұсылмандар бiр iстi жақсы деп санап жатса, ол iс Алланың құзырында да жақсы іс болып табылмақ»(Хадис шәріп).

            Адамның адамдығын – оның басқаға, басқаларға шын зәрулігімен өлшеуге болады. Үлкен байлықпен адамға үлкен қайырым бітпейді, керісінше, үлкен қайырымдылық – жиған байлығыңды абыройлы етеді. «Қолы ашықтың – жолы ашық» деген сөз де бар қазақта. Осындай игілікті істің куәсі бола білген №35 ЖОББ мектебі оқушыларының әрекеті тәлім-тәрбие берген ата-аналар мен ұстаздар еңбегінің жемісі.

                                                                      А.Е.Мундуинова, әлеуметтік педагог, №35 ЖОББМ